Тамызда Ұлттық Банктің халықаралық резервтері 19,9 миллиард АҚШ долларына ұлғайды - Г.Марченко
Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық Банк төрағасы Григорий Марченко айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ұлттық Банк басшысының айтуынша, ішкі валюта нарығында валютаны сату жəне Үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсету бойынша операциялар Үкіметтің Ұлттық Банктегі шоттарына валютаның түсуімен жəне банктердің Ұлттық Банктегі шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтарының ұлғаюымен бейтараптандырылған. Нəтижесінде, таза валюта қорлары (ЕАВ) 2009 жылғы тамызда бұрынғы деңгейінде қалған. Алтындағы активтер тамызда оның əлемдік нарықтардағы бағасының 1,5 пайызға өсуі нəтижесінде 1,5 пайызға немесе 32,8 миллион АҚШ долларына ұлғайған.Тұтастай алғанда, елдің халықаралық резервтері (ағымдағы бағамен) Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қоса алғанда бір айда 1,7 пайызға өсіп, 43,2 миллиард АҚШ долларын құраған.