Тамызда жұлдыздар ағуының нағыз кезі сенбіге қараған түні басталды
АСТАНА. 13 тамыз. ҚазАқпарат - Сенбіге қараған түні Жер тұрғындары жыл сайынғы жұлдыздар ағынын, ғаламшар Персей шоқ жұлдызы тұсынан кометаның құйрығына өте жақындаған тұста көре алады,
деп хабарлайды ресейдің «Взгляд» газеті.
Тамыз айындағы «аққан жұлдыздарды» ғалымдар персеидалар деп атайды. Олар біздің ғаламшар өтетін ең метеорлы тасқындар болып табылады.
Жер ескі комета бөлшектеріне өте таяу жақындайды. Сондықтан «аққан жұлдыздардан» тамызда айырықша жарық бөлінеді. Метеориттер ғаламшар атмосферасында 100-120 шақырым биіктікте жанып кетеді.