Тамызда жұмыстан босату бойынша айналым коэффициенті 2,7 пайызды құрады - Статистика
АСТАНА. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат - Жедел деректерге сәйкес, ірi және орта кәсiпорындарға және ұйымдарға 2012 жылғы тамызда 76,4 мың адам қабылданды, түрлі себептермен - 84,6 мың адам жұмыстан шықты.
ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында өз еркі бойынша жұмыстан босатылғандар 81,1 пайызды, қызметкерлер санының қысқаруына байланысты -1,5 пайызды, басқа себептер бойынша 17,4 пайызды құрайды.
2012 жылғы тамыз айында қабылдау бойынша айналым коэффициенті 2,4 пайыз, жұмыстан босату бойынша айналым - 2,7 пайыз, жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті - 2,2 пайыз деңгейінде болды. Осы кезеңде жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті 90,3 пайызды құрады.