Таңат Нөсербаев 60-шы голын «Ақтөбе» қақпасына соқты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубының капитаны Таңат Нөсербаев 60-шы голын «Ақтөбе» командасының қақпасына соқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл оның спорттық мансабындағы 60-шы голы болды.
Оңтүстік футбол мектебінің түлегі ішкі біріншілікте 253 рет ойын алаңына шығып, 60-шы голын соқты.
Ол 2011-2016 жылдары «Астана» командасында өнер көрсетіп, 151 матчта 46 голдың авторы атанған. «Ордабасыға» қайта оралып, 102 ойында 14 рет мергендігімен көзге түсті.