Танат Нөсербаев «Астана» ФК қайта оралуы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» командасының бұрынғы капитаны және көшбасшысы Танат Нөсербаев елордалық клубқа қайтып оралуы мүмкін, деп хабарлайды «SPORTINFORM».
32 жастағы форвард әзірге еш клубта ойнап жүрген жоқ. Желтоқсан айында «Тобыл» командасынан кетіп, таяуда «Ордабасымен» келісімшартын тоқтатты. Нөсербаевқа «Ертіс» клубы да қызығушылық танытып отыр, бірақ ойыншының өзі «Астана» командасы сапында ойнағысы келеді.
Нөсербаев «Астана» командасының чемпиондық туын көтерген бірінші капитаны. Ол елордалық командамен бірге үш мәрте алтын медаль иеленді, бірақ 2016 жылғы маусымнан кейін шабуылдаушы Шымкент қаласына оралуға шешім қабылдады.