Таңат Жайлыбековтың 80 жылдығына арналған еске алу кеші өтеді
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Таңат Жайлыбеков қайталанбас дарынын танытып кеткен суреткер. Оның ұлттық өнерді дамытудағы еңбегі - халқымыздың көркемдік мұрасы. Ол еш уақытта ұмытылмақ емес», дейді театртанушы, ғалым Бағыбек Құндақбаев.
Көрнекті театр және кино актері Таңат Жайлыбеков - ұлттық өнер саңлақтарының бірі, сахна мен экранда небір күрделі бейнелер жасаған, ұлттық мәдениетке көп еңбек сіңірген өнер иесі. Ол 1929 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Бірлік ауылында дүниеге келген. Алматы қаласының №18-ші орта мектеп-интернатында оқып, 8 сыныпты өте жақсы деген бағамен бітірген оның тағдыры театрмен тығыз байланысқан. Театрға келуіне көрнекті актер, режиссер, ұстазы Шәкен Айманов себепкер болады. Еңбек жолын 1944 жылы 15 жасында Қазақтың М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында бастайды. Театрда еңбек ете жүріп, 1946 жылы Көркемөнер училищесінің 3-ші курсына оқуға түседі. Ал 1949 жылы КСРО халық әртісі Н.С.Плотниковтың көзіне түсіп, оның болашағынан үміт күткен шебер оны Мәскеудегі Луначарский атындағы Мемлекеттік Театр институтының актерлік факультетіне түсуіне көмектеседі. 1954 жылы оқуын бітіріп, әріптестері Ы. Ноғайбаев, Р. Қаныбаева, М.Байзақовалармен бірге М.Әуезов театрына қайта оралады. Сол кезден бастап дүниеден өткен 1989 жылға дейін үзіліссіз осы сахнада еңбек еткен болатын.
Актердің театр мен кино өнеріндегі еңбегі аз емес. Ол республикалық радио мен теледидарда көптеген хабарлар жүргізген.
Таңат Жайлыбеков 1958 жылы Мәскеуде «Құрмет белгісімен» марапатталса, 1966 жылы Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі құрметті атағына ие болған.