Танымал әнші Алмас Кішкенбаевқа сот үкімі шықты

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстандық әнші Алмас Кішкенбаев15 тәулікке қамалды.

Алмас Кишкенбаев
Фото: a.kishkenbaev Instagram

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жабық түрде Кішкенбаевқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

Алмас Кішкенбаевқа ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша айып тағылып отыр. Бұл бап бойынша оған 20 АЕК (78 640 теңге) мөлшерінде айыппұл салынуы немесе 5 тәуліктен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алынуы қаралады.

Сот К.-ның мас күйінде осындай әрекеттерді жасағанын анықтады.

Сотта әнші жағдайдың мән-жайы есінде жоқ екенін түсіндірді.

– Жоғарыда айтылғандардың негізінде К.-ға ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды,– деп хабарлады соттан.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Telegram-арналардың бірінде әнші Алмас Кішкенбаев оқушыға тиісті деген ақпарат тараған болатын

Айта кетейік, Алматыда танымал әнші қамауға алынды, оның наша шегіп, оған масаң күйде болғаны анықталған.

Соңғы жаңалықтар