Танымал әнші қоғамдық орында балағат сөз айтқаны үшін жауапқа тартылды

Қайрат Нұртас
Фото: Видеодан алынған кадр

АСТАНА. KAZINFORM – Танымал эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың соңғы концерттерінің бірінде балағат сөз айтып қойғаны видеоға түсіп қалған. 

Бейнежазба әлеуметтік желіге тарап кетті.

Бұл оқиғаға қатысты Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлама таратты.

«Қоғамдық орында балағат сөз айтып, видеоға түсіп қалған әнші жауапқа тартылды.

Ұсақ бұзақылық үшін оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды», — делінген ведомство ақпаратында.

Соңғы жаңалықтар