Танымал инсайдер қазақ ойыншысының «Челсиға» ауысқанын растады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Танымал спорт журналисі Фабрицио Романо 16 жастағы қазақстандық футболшы Дастан Сатбаевтың «Челсиға» ауысқанын хабарлады.

Итальяндық журналистің мәліметінше, «Челси» алматылық «Қайратқа» Сатпаев үшін 4 млн евро төлейді. Бұл отандық лига үшін рекордтық келісім болмақ.
Дастан Сатбаев 2026 жылдың тамыз айында 18 жасқа толған соң, «Челсидің» қатарына қосылады. Ол ағылшын клубымен 1 жылға ұзартуға мүмкіндігі бар 5 жылдық келісімшартқа отырады.
Айта кеткен жөн, 2024 жылдың мамыр айында Сәтбаев «Қайрат» командасында дебют жасаған ең жас ойыншы ретінде тарихқа енді. Өткен QJ лигасында жас футболшы 12 ойында 19 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ Сәтбаев маусымның үздік ойыншысы атағын алды. Ал УЕФА жасөспірімдер лигасында (U19) 16 жасар футболшы төрт матчта бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.
Еске салайық, бұған дейін «Манчестер Сити» клубына өзбекстандық орталық қорғаушысы Абдуқодир Хусанов ауысқанын жазғанбыз.