Танымал спортшы Хабиб Нурмагомедовтың есепшоты бұғатталды

Хабиб
Фото: Валерий Шарифулин / ТАСС

АСТАНА. KAZINFORM – Ресей Федералдық салық қызметі бұрынғы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың қарыздарын төлеу талаптарын орындамағаны үшін банк шоттарына тыйым салды. 

Есептік операциялардың бұғатталуына спортшының 297 миллион рубль қарызы себеп болған. 

BIR-Analyst ақпараттық жүйесінің таратқан мәліметіне сәйкес, Хабиб Нурмагомедовтің базада жеке кәсіпкер екені жазылған. Сонымен қатар ол әртүрлі коммерциялық ұйымда құрылтайшы және бас директор ретінде тіркелген: Eagles Fight Club LLC, Sildi LLC, сондай-ақ бірқатар қайырымдылық қорын басқарған. 

Еске салсақ, бұған дейін Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыровтың жиені Шешенстанның көлік министрі болғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар