Танымал виолончелист Болат Тыныбеков мезгілсіз дүниеден өтті

АСТАНА. KAZINFORM – Танымал виолончелист Болат Тыныбеков мезгілсіз дүниеден өтті. Қаралы хабар «Bolashaq» қауымдастығының Instagram парақшасында жарияланды.

Болат Тыныбеков
Фото: «Bolashaq» қауымдастығы

«Bolashaq» қауымдастығы Болат Тыныбековтың мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына ортақтасып көңіл айтады. Болат Тыныбеков — қазақстандық виолончелист және вокалист, Корольдік музыка колледжінің түлегі. Халықаралық конкурстардың лауреаты ретінде ол Қазақстан мен Еуропада белсенді концерттік қызмет жүргізіп, өз елін әлемдік сахнада танытқан», - делінген қауымдастық таратқан ақпаратта.

Болат Тыныбеков
Фото: «Bolashaq» қауымдастығы

Болат Тыныбеков Қарағанды қаласында 1985 жылғы 24 шілдеде дүниеге келген. Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық орта мамандандырылған музыкалық мектебін бітірген.

Болат Тыныбеков
Фото: «Bolashaq» қауымдастығы

«Болашақ» бағдарламасының түлегі, Лондондағы Корольдік музыка колледжінде профессор А.Боярскийдің сыныбында білім алған. Алматы қаласында музыкалық мектепте сабақ берді.

Болат Тыныбеков
Фото: Kazinform

 

Соңғы жаңалықтар