Тәңірберген Бердіоңғаров Астананың жаңа темір жол вокзалы құрылысымен таныстырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұрынғы  Мәжіліс депутаты Тәңірберген Бердіоңғаров өзінің блогында Астананың жаңа темір жол вокзалы құрылысы барысы бейнеленген видеоны жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Дәл қазіргі уақытта бұл вокзалдың ауқымы шын мәнінде адамды таң қалдырады. Меніңше, бұл Астанадағы ең ауқымды ғимараттардың бірі сияқты. Жоспарда 120 мың шаршы метр аумақ салу көзделген және бұл нысан 2017 жылдың мамыр айында пайдалануға берілмек.  Бүгінгі күні вокзал құрылысына 1400  адам тартылған.  Оның 95 пайызы Қазақстан Республикасының азаматтары. Ал қалған 5 пайызы түріктер. Олар түріктің Симбол құрылыс компаниясының мамандары», - деді ол.

Сонымен қатар Бердіоңғаров 7 қабатты вокзал ғимаратының ішін де көрсетеді. Вокзалдың жабық ғимаратына бір мезгілде 6 пойыз қатарынан кіре алады. Тәулігіне 35 мыңға жуық жолаушыға қызмет көсретуге қауқарлы ғимарат 26 жедел сатымен, 52 эскалатормен жабдықталған.

«Қазақстанға темір жол қатынасымен келген туристер дәл осы жерден түсіп, вокзалға таңғалады. Автомобильге, бағдар автобустарына немесе жеңіл рельсті көлікке отырып ЭКСПО-ға  қарай немесе қаланы көруге бағыт алады. Шынымды айтсам, егер мен турист болсам, тек осы темір жол вокзалын көргеннен кейін-ақ кері пойызға отырып, еліме қайтар едім. Өйткені, темір жол вокзалының өзі ғана адамды таңғалдырады», - деді Тәңірберген Бердіоңғаров.

Соңғы жаңалықтар