Тәңірберген Бердіоңғаров ҚР ИДМ жанындағы қоғамдық кеңеске туризм бойынша кеңесші болып тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қоғам қайраткері Тәңірберген Бердіоңғаров Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы қоғамдық кеңеске туризм бойынша кеңесші болып тағайындалды. Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев жазды.
«Жуырда бірнеше мәрте туристік қауымдастықтар және туроператорлармен туризмді одан ары дамыту мәселесін талқыладық. Экономикалық әріптестік және даму ұйымы (ЭӘДҰ) елдеріне визасыз режім, ҚХР үшін ADS-виза режімін енгізу, шекара және көші-қон қызметін жақсарту, әуежайлар мен инфрақұрылымды дамыту, кадрларды даярлау - көп нәрсе жасалды, көп нәрсе жасалып жатыр. Бірқатар шешімін таппаған мәселелер бар. Алайда перспективасы жақсы. Біз басқа бағыттар секілді (индустрияландыру, геология, инвестиция және басқалары), әсіресе, өңірлер бойынша, жүйелі негізде туроператорлармен жұмыс жасаған секілді, қызмет тұтынушыларымен де жұмыс жасауды жоспарлап отырмыз. Министрлікте қоғамдық кеңес құрылды, түрлі бағыттар бойынша танымал сарапшыларды, журналистерді, блогерлері тартып жатырмыз. Туризм саласы бойынша Тәңірберген Бердіоңғаровты қызметке алдық. Ол туризм бойынша кеңесші ретінде қоғамдастықпен, сарапшылар және туристік сала өкілдерімен жұмыс істеуге бар күшін салатын болады», - деп жазды Әсет Исекешев.