Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Тәңірберген Бердіоңғаровқа Шымкенттің жігіті қыр көрсетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұрынғы депутат әрі әртіс, қазір Астана қаласы әкімі Әсет Исекешевтің қоғамдық кеңесшісі Тәңірберген Бердіоңғаров кеше елорда вокзалының жанында көлігін тастап кетіп, ұзын сонар кептеліс тудырған жігіттің машинасы мен өзін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген еді.

Тәңірберген Бердіоңғаровқа Шымкенттің жігіті қыр көрсетті

Сол сәтте ролик авторының сұрағын да елемей кеткен жігіт өзі түскен «жұлдызды» видеоны әлеуметтік желіден көріп, Тәңірберген Бердіоңғаровқа бейнежазбаны өшір деп «бұйырыпты».

«Кеше теміржол вокзалының жанында көлігін тастап кетіп, кептеліс тудырған автокөлік иесін видеоға түсіріп, желіге жүктеген едім. Енді жеке хат жазып, видеоны өшір дейді. Ал, мен жол ережесін бұзбай, кеше соның кесірінен жолынан қалған азаматтардан кешірім сұра дедім. Бірақ, ол дөрекі жауап берді. Бірақ, оқырмандарыма жершілдікке салынбаңыздар дегім келеді. Ия, ол жігіт Шымкенттен екен, бірақ, тәрбиесіз адам кез келген аймақта бар. Біздің ортақ мақсатымыз - тәрбиелі қоғам құрып, жастардың  мінезіне бей-жай қарамау. Бұл - біздің Отанымыз, бұл жерде біз өмір сүреміз», - деп жазған Тәңірберген Бердіоңғар жол ережесін бұзған жігітпен арадағы хаттардың үзіндісін мысалға келтіре отырып. 
null