Танкердің апатқа ұшырауы салдарынан Босфорда кеме қозғалысы тоқтатылды

ЫСТАНБҰЛ. Анадолы – ҚазАқпарат – Босфор бұғазында кемелердің бірінде техникалық ақау болып, салдарынан кеме қозғалысы тоқтатылды. Бұл туралы Түркияның Көлік және инфрақұрылым министрлігі жанындағы Жағадағы қауіпсіздік қызметі бас басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Танкердің апатқа ұшырауы салдарынан Босфорда кеме қозғалысы тоқтатылды

Күнбағыс майы тиелген USICHEM кемесі солтүстіктен оңтүстікке қарай Босфор бұғазы арқылы өтіп бара жатқанда якорьдан ақау шыққан. Келеңсіз жағдай Анадолу Кавагы ауданында болған.

Оқиға орнына құтқарушылар жіберілді.