Танкистер құрлықтағы және судағы нысананы бағындырды - ҚР ҚМ

АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат - «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының Аягөз полигонында танк бригадасы бөлімшелерінің атыс жаттығулары өтті. Бұл туралы ҚР ҚМ баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

«Т-72 танкісінен оқу нүктелеріндегі арнайы қойылған нысаналарға оқ жаудырылды. Танкистер танкідегі қару-жарақтың ұрысқа әзірлігін және экипаждың су бөгеттерінен өту мәселелерін пысықтады. Бронды машиналардың жүргізушілері көру қашықтығының шектеулігіне байланысты құрлықтағы және судағы күрделі бөгеттерден жүруді жүзеге асырды.Танкистердің алдында шартты түрдегі жауды жою жөніндегі тапсырма тұрды. Оны орындау үшін әскери қызметшілерге күрделі кедергілер жасалды. Олар күндіз және түн мезгілінде күрделі жаттығуларды орындап тәжірибелерін шыңдады», - делінген министрлік мәліметінде.

«Сарбаздар мен офицерлер жауынгерлік тапсырманы орындау барысында мол тәжірибе жинақтап, шеберліктерін арттырды. Олардың барлығы тапсырманы үздік бағаға орындады»,- деп атап өтті бригада командирі подполковник Тұрдалы Тұрғынбаев.

Күрделі сынақтан сүрінбей өтіп, барлық нормативтерді үздік тапсырған экипаж командирлері мен жүргізуші-механиктер «Шығыс» өңірлік қолбасшысының грамотасымен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар