Танымал актер әрі режиссер Михаил Козаков қайтыс болды

АСТАНА. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Танымал актер әрі режиссер Михаил Козаков өкпенің қатерлі ісігінен қайтыс болды, деп хабарлады «Эхо Москвы» радиостансасы.
None
None

Осыған дейін «Газета.Ru» театр және кино актері Михаил Козаков Тель-Авивке жақын жердегі израилдік клиникаға жеткізілгенін хабарлаған еді.

Козаков кейіннен танымал болып кеткен «Покровские ворота» мен «Безымянная звезда» фильмдерінде түсіп, «Визит дамы», «Маскарад», «Фауст» сынды телефильмдер мен телеспектакльдерде ойнаған. Козаков киноға түсуді 1956 жылы бастады, оның алғашқы түскен киносы Михаил Роммның «Убийство на улице Данте» киносы болды. Одан кейін ол «Человек-амфибия», «Выстрел», «Здравствуйте, я ваша тетя» киноларында ойнады.

Соңғы жаңалықтар