Танымал актер Дмитрий Дюжев 9 жасар қыз баланы қағып кетті

АСТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат - Танымал актер Дмитрий Дюжевтің қатысуымен болған жол-көлік апаты Мәскеудің батыс аймағында, Артамонов көшесінде орын алды.

Танымал актер Дмитрий Дюжев  9 жасар қыз баланы қағып кетті

«Аминьевск тас жолына қарай жылжыған БМВ автокөлігі №11 үй аумағында кішкентай баланы қағып кетті, - деп хабарлады Life News-ке құқыққорғау органдарынан. - Қыз бала басынан жарақат алды».

Апаттан зардап шеккен Света К. есімді 9 жасар қыз жаяу жүргінші жолынан құрбысымен бірге жүгіріп өтпек болған.

«Баланың жарақаты аса ауыр емес. Терісі сырылып, соққыдан бір-екі жері көгерген, соған қарамастан оны ауруханаға апарды», - дейді дерек көзі.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, Света мен оның құрбысы жолды жаяу жүргінші жолымен кешіп өтпек болған, сол сәтте оларды 333 нөмірлі БМВ Х5 автокөлігі соқты.

«Света автокөліктің капотына құлап, басын қатты соғып алды», - деп әңгімеледі куәгерлер.

Жедел жәрдем дәрігерлері қойған алдын ала диагнозға сәйкес, қыз баланың «басының оң жақ самай бөлігі және тірсегі жарақаттанған».