Танымал «Әл-Арабия» телеарнасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы деректі фильм көрсетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 шілдеде мұсылман әлеміне танымал «Әл-Арабия» телеарнасы Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігімен бірлесе отырып, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы арнайы деректі фильмді көрермендердің назарына ұсынды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Танымал «Әл-Арабия» телеарнасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы деректі фильм көрсетті

Бұл тарихи фильмде Қазақстанның қалыптасуына және халықаралық саясаттың дамуына Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан ерен еңбегі, қысқа мерзім ішінде еліміздің қарқынды дамуы, Елбасы айқындаған қазақстандық жолдың биік белестерді өткергендігі туралы деректер көрсетілген. Сонымен қатар, Президенттің ұлт көшбасшысы, азамат және адам ретіндегі көпқырлы тұлғасы аталмыш фильмде айқындалған.

«Әл-Арабия» - 2003 жылдан бері тәулік бойы жұмыс істейтін, араб тілінде хабар тарататын жерсеріктік телеарна. Штаб-пәтері Дубайда орналасқан. Телеарна аудиториясы 30 млн. адамды құрайды. «Әл-Арабия» телеарнасының бағдарламалар тізімін жаңалықтар, сараптамалық хабарлар, ток-шоу және деректі фильмдер толықтырады.