Танымал атлет астана тұрғындарына тегін онлайн-дәріс өткізеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Карантин енгізілуіне байланысты астаналық тұрғындардың көпшілігі аспаздық, тігін, би және спорт жаттығуларына арналған онлайн-дәрістерге көп ден қоя бастаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Танымал атлет астана тұрғындарына тегін онлайн-дәріс өткізеді

Қазақстандағы Street Workout мектебінің негізін қалаушы әлеуметтік желі арқылы төзімділік пен жылдамдықты арттырып, бұлшық етті жаттықтыруға арналған онлайн-дәріс өткізеді.

Street Workout бойынша әлемнің және ҚР бірнеше дүркін жеңімпазы Айтым Жакупов «Біз біргеміз» акциясы аясында елорда тұрғындарына тегін спорттық онлайн-дәріс ұйымдастыратынын айтты.

«Баршаңызды спортпен шұғылдануға шақырамын. Осы челленджді еліміздің барлық спортшыларына жолдаймын. Біз бірге үлкен күшпіз. Біз біргеміз»,- деді Айтым Жакупов. Спортшының айтуынша, спорттық онлайн-дәріс оның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында (@aitymzhakupov) апта сайын өткізіледіы.

Індетпен күресіп жатқан осынау қиын-қыстау уақытта танымал қоғам және мәдениет қайраткерлері, танымал спортшылар мен блоггерлер барша отандастарымызды қолдап онлайн-дәрістер өткізуде, көңілге медеу беретін жылы лебіздерін жолдап, ән жазып, әлеуметтік желілерде жазбаларын арнауда.