Танымал баскетболшы Ердоғанның бас кеңесшісі болып тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның танымал спортшысы, бұрынғы баскетболшы Хидаят Түркіоғлы ресми түрде Түркия елінің президенті Режеп Тайып Ердоғанның бас кеңесшісі болып тағайындалды, деп жазады сәрсенбі күні Anadolu агенттігі.

Танымал баскетболшы Ердоғанның бас кеңесшісі болып тағайындалды

Бұл туралы Trend-ке сілтемемен Day.Az хабарлап отыр.

Бұған дейін Түркіоғлыны Ердоғанның бас кеңесшісі қызметіне тағайындау күтіліп отырғаны хабарланған.

37 жастағы Түркіоғлы 15 жыл бойы NBA-да (Солтүстік Америка, атап өткенде АҚШ және Канадада ерлердің кәсіби баскетбол лигасы) ойнаған.