Танымал боксшы М.Пакьяо Брэдлиді жеңді, бұл оның соңғы жекпе-жегі болуы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Филиппиннің танымал боксшысы, сегіз салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы Мэнни Пакьяо америкалық Тимоти Брэдлиді жеңді. Бұл туралы ресейлік ТАСС агенттігі хабарлады.
Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) нұсқасы бойынша 66,68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Интернационалдық чемпион атағы үшін 12 раундық жекпе-жек ұпай саны бойынша Пакьяоның жеңісімен аяқталды.
Бұл жекпе-жек 37 жастағы Пакьяоның спорттағы соңғы кездесуі болуы мүмкін. Оның айтуынша, барлығы мамыр айында Филиппин сенатына сайлау қорытындыларына байланысты болады. Жеңіске жетсе, ол жаттығуларға тиісті уақыт бөле алмай, саясат қызметіне бет бұрады.
Пакьяо спортты тастау жөніндегі шешімді мамыр айында қабылдайды. Бұл туралы боксшы НВО телеарнасына жекпе-жектен кейін хабарлады.