Танымал боксшы Рой Джонс Мәскеуге тікұшақпен келді
АСТАНА. 1 сәуір. ҚазАқпарат - 4 сәуірге жоспарланған ресейлік Денис Лебедев пен Шон Кокс арасындағы жекпе-жекке шақырылған танымал боксшы кіші Рой Джонс Мәскеудегі «Вегас» сауда ойын-сауық кешенде өткізілген қолтаңба-сессияға тікұшақпен ұшып келді,
деп хабарлады Утро.ру.
Американдық спортшы сауда ойын-сауық кешені жанындағы тікұшақ алаңына қонған. Р.Джонспен бірге өткен жылдардағы әлемнің абсолютті чемпионы, Лебедевтің жаттықтырушысы Костя Цзю, Шон Кокс, сонымен қатар танымал британдық ауыр салмақтағы боксшы Дерек Чисора қолтаңба берді.