Танымал боксшы Василий Жиров «Қазақстан» телеарнасының эфирінде сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыр салмақтағы қазақстандық бірінші кәсіби боксшы Василий Жиров тарихи Отанына келу кезінде «Қазақстан» телеарнасының студиясында сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды «Қазақстан» РТРК баспасөз қызметінен.
«Балқаш жолбарысы» атанған Қазақстанның атақты боксышалырының бірі «Түнгі студияда «Нұрлан Қоянбаев» бағдарламасы барысында сүйіктісі Юлияға үйлену туралы ұсыныс жасады.
Сонымен қатар, бізге белгілі болғандай, Василий Лос-Анджелесте жеке фитнес залын ашпақшы. Айта кететіні, бүгінгі күні В.Жиров - Голливуд жұлдызы Стивен Сигалдың жеке жаттықтырушысы. С.Сигал күрес өнері туралы жаңа фильм түсіргісі келетінін және осы фильмге В.Жировтың түскенін қалайтынын айтқан. «Мен де келісімімді бере қойдым. Қазіргі кезде сол фильмге дайындық жұмыстары өтуде», - дейді В.Жиров. Алдағы уақыты жерлесімізді жаңа голливуд киножұлдызы қатарынан көріп қалармыз деген үміттеміз.
Василий Жиров Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Парасат орденінің иегері. В.Жиров кезінде туған қаласында дәнекерлеуші (газоэлектросварщик) мамандығы бойынша оқуын аяқтап, толығымен бокспен шұғылдануды жөн көреді. Боксқа ол өз өмірінің 25 жылын арнады. Бокспен 11 жасынан бастап шұғылдана бастады.
Атлантада өткен бокс жарысында турнирдің техникалық жағынан ең үздік боксшысы ретінде Жиров Вэл Баркердің кубогын және әлемнің біріншіліктерінің жеңімпазы атағын иеленген болатын. Кәсіби рингте 42 рет күреске шығып, оның 38-ін жеңіспен аяқтады, күрестердің 90 пайызын нокаутпен аяқтады. WBC және IBF нұсқалары бойынша чемпион атанды.
Төлқұжаты бойынша қазақстандық саналатын Василий Жиров 1996 жылдан бері АҚШ-тың Аризона штатында тұрады. Алыстағы Америкада Василий Джейкоб пен Николас есімді екі ұлын тәрбилеуде.
«Қазақстан» телеарнасында «Түнгі студияда «Нұрлан Қоянбаев» бағдарламасын 5 мамыр күні сағат 23.40-да жіберіп алмаңыздар! Бағдарламаның арнайы қонағы танымал боксшы - Василий Жиров.