Танымал футболшы Криштиану Роналду өзінің ең үлкен қорқынышы жайлы айтып берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Реал» ФК және Португалия құрамасының шабуылшысы 30 жасар Криштиану Роналду өзінің өмірдегі ең үлкен қорқынышы жайлы айтты, деп жазады Libero.

Танымал футболшы Криштиану Роналду өзінің ең үлкен қорқынышы жайлы айтып берді

«Менің өмірдегі ең үлкен қорқынышым - ол жастай өлім құшу. Мен 80-90 жыл өмір сүруді қалаймын. Ал менің ең сүйікті ісіме келетін болсақ, әрине, ол - ұлыммен футбол ойнау. Күні бойы мен отбасыммен, достарыммен араласқанды ұнатамын. Әр таң сайын жаттығамын, одан соң үйге келіп өзіме ұнайтын істермен айналысамын», - дейді танымал футболшы өз өмірі жайлы сыр бөлісіп.