Танымал ғалым және қоғам қайраткері Сәкен Өзбекұлы дүниеден озды
АСТАНА. Шілденің 20-сы. ҚазАқпарат - Сенбі, шілденің 18-і күні заң ғылымдарының докторы, ҚР Гуманитарлық ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР Журналистер одағының мүшесі, Орталық Азия университетінің проректоры Сәкен Өзбекұлы дүниеден озды. Ол 58 жаста болатын,
деп хабарлады Орталық Азия университетінің баспасөз қызметінен.
С.Өзбекұлы 2004 жылдан бері Қазақстан Заң ғылымдары академиясының президенті болды. Ол сондай-ақ, заңгерлік саладағы көптеген еңбектердің авторы. Қазақстандағы адам құқықтарын қорғауға арналған ғылыми топтамасы үшін С.Өзбекұлы Абай атындағы сыйлықпен атап өтілген еді. Қазақстанның жоғарғы білімінің тарихында ғалым алғаш рет оқу бағдарламасын әзірлеп, Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінде «Мұсылман құқығы» пәні бойынша дәріс оқыған.
С.Өзбекұлы сондай-ақ, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын тексерумен айналысқан үкіметтік комиссияның жұмысына үлкен үлес қосқан. ҚР Конституциялық соты сараптау комиссиясының мүшесі болған кезде, ол жазықсыз сотталғандарды ақтау және оларды қамаудан босату үшін көп істер атқарды.
Сәкен Өзбекұлы миллиондаған қазақстандықтардың жүрегінде сақталады.