Танымал голливуд режиссері Чак Рассел «Казахфильмде» болып қайтты

МАТЫ. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Танымал голливуд режиссері Чак Рассел VII «Евразия» кинофестиваліне қатысу аясында Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында қонақта болып қайтты.
None
None

Чак Рассел кино әлемінде комедиялық фантастика жанрындағы Джим Керримен түсірілген «Бет перде», Дуэйн Джонсонмен түсірілген «Мумия қайта оралады» немесе «Сарышаяндар патшасы», сонымен қатар, Арнольд Шварценеггердің қатысуымен өткен «Стиратель» картиналарымен белгілі.

«Бұл менің Қазақстан еліне бірінші келуім. Мен қазақ жеріне келгеніме қуаныштымын»,-деді голливуд режиссері Чак Рассел кездесу барысында.

Ол сонымен қатар, : «Мен «Қазақфильм» киностудиясы жайында көп естідім және баяғыдан қазақ киносын жасайтын киностудияда болуды армандадым. Шақырту алғанда бірден келістім»,-деді.

Танымал голливуд режиссері Чак Рассел үшін «Қазақфильм» киностудиясына экскурсия ұйымдастырылды. Ол киностудияны аралап, кешеннің техникалық базасымен танысты.

Бұнымен қатар, режиссер «Қазақфильм» АҚ президенті Ермек Аманшаевпен кездесті. Онда Қазақфильмнің голливуд жобаларының біріне қатысу мүмкіндігі қаралды.

Чак Расселдің пікірінше, қазақ жері кино түсіруге ыңғайлы да, көрікті жер. «Мен мұнда болашақ фильмдеріме келетін адамдарды кездестірдім, типаждар фильмімнің кейіпкерлеріне дәл келеді»,-деді ол.

Режиссер сонымен қатар, сапары барысында жас, талантты режиссер Ахат Ибраевтің жаңа жұмыстарымен және бірнеше актерлармен танысты.

Кездесу соңында Чак Рассел алдағы уақытта бірлескен ынтымақтастыққа үмітті екендігін айтты.

Соңғы жаңалықтар