Танымал кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров әке атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров әке атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы боксшы өзінің қуанышын Instagram желісінде өлеңдетіп жазды.
«Иә, Алла көрдім бе, көрмедім бе?!
Иә, Тәңірім, бердің бе, бермедің бе?!
Шырылдаған үніңнен айналайын,
Шыныменен өмірге келгенің бе?!
Қызым болсаң - қырымда құралайсың,
Ұлым болсаң - ұлы бір мұрадайсың.
Естисің бе, есі жоқ, ей, дүние,
Менен неге сүйінші сұрамайсың?!
Аллаға шүкір! Алланың жақсылығы ғой. Бүгін әке болдым! Дүниеге қызым келді! Өзім АҚШ-та болсам да сүйінші, Қазақ елі!», - деп жазды.
Естеріңізге сала кетейік, Жанқош Тұраров 26 мамырда АҚШ-тың Флорида қаласында кезекті айқасын өткізу үшін дайындық үстінде. Ол жартылай орта салмақ дәрежесінде мексикалық Густаво Гарибаймен қолғап түйістіреді. Сондай-ақ, бұл күні бірінші орта салмақта WBO Intercontinental және WBA Fedelatin белбеулерінің иегері қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (WBO NABA және WBA Intercontinental) қарсыласы мексикалық Норберто Гонсалеспен жекпе-жекке шығады.