14:31, 19 Наурыз 2017 | GMT +5
Танымал қазақ спортшысы Головкинге бокстан кету керек екенін айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат «Найман» Хамитов Головкинге бокстан кету керек екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін танымал қазақ спортшысы Қуат Хамитов жерлесі Геннадий Головкиннің айқасынан кейін осындай пікір білдірді.
Ол өзінің инстаграм желісіндегі парақшасында «Жеңіс құтты болсын! Бірақ раундтар бойынша есеп Джейкосбтың пайдасына - 5:7. Нокдаун бар. Минимум бұл тең нәтиже болуы керек. Міне, осы себепті біз Головкин - Уорд жекпе-жегін көре алмаймыз. Генаға бокстан кету керек. Жасы келді», - деп жазды.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Нью-Йоркте аяқталған бокс кешінде Геннадий Головкин америкалық Дэниел Джейкобсты 12 раундта ұпай санымен ұтты.