Танымал қазақстандық шоумен Жаңа жылда сыйға алған кәмпиттен құрт шыққан

АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал қазақстандық шоумен әрi КВН жұлдызы Нұрдәулет Шертiмнiң Жаңа жылда сыйға алған кәмпитiнің ішінен құрт шықты. Ол бұл туралы Instagram-дағы парақшасында хабарлап, әлеуметтік желіге тапқан "олжасының" фотосын да салды.

Танымал қазақстандық шоумен Жаңа жылда сыйға алған кәмпиттен құрт шыққан

"Кәмпитті абайлап жеңiздер, бұл Жаңа жылда сыйлық ретінде берілген тәттілердің арасынан шықты!!!", - деп жазады шоумен.

"Бiреулер антижарнама деп жатыр. Мынау суреттi басқа жағынан да түсiргенмiн, бұл шындық!!!", - дейдi тағы бiр фотосуретке қатысты жазған сөзiнде.

Фотоға қарап, оның "Рахат" АҚ кондитерлiк өнiмi екенiн байқауға болады.