Танымал қазақстандық журналист Константин Бородинов дүниеден өтті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 70-ке қараған шағында танымал қазақстандық журналист Константин Бородинов дүниеден өтті. Бұл туралы оның әріптестері хабарлады.

Танымал қазақстандық журналист Константин Бородинов дүниеден өтті

«Ұзаққа созылған науқастан кейін танымал қазақстандық журналист Константин Бородинов өмірден өтті. Ол 70 жасқа да толған жоқ еді. Ол ҚазТАГ-тың үздік кәсіби репортерлерінің шоғырында болған еді, одан кейін жаңа ҚазАқпарат агенттігін ұйымдастырушылардың бірі болды», - деді журналист Ольга Бабий.

К.Бородиновты жерлеу 12 мамырда өтеді. Марқұммен қоштасу Алматы қалалық ауруханасының жерлеу залында болады.Басталуы - сағат 10:00-да.