Танымал мемлекет қайраткері Владимир Ни дүниеден озды

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат - Танымал мемлекет қайраткері Владимир Васильевич Ни бүгін 78 жасында дүниеден озды.
None
None

В.В.Ни 1933 жылы қаңтардың 7-сінде Владивостокта дүниеге келген. Үйленген, екі қызы бар. 1955 жылы Қазақ кен-металлургиялық институтын кен инженері мамандығы бойынша тәмамдаған.

1990 жылдың мамыр-желтоқсан айларында ҚР Президенті және Министрлер кабинеті Аппаратының іс басқарушысы, 1991-1992 жылдары - ҚР Президенті және Министрлер кабинеті аппаратының іс басқарушы - аппарат жетекшісінің бірінші орынбасары, 1992-1994 жылдары - ҚР Президенті және Министрлер кабинеті Аппараты жетекшісінің орынбасары, ХОЗУ басшысы, 1994-1995 жылдары - ҚР Президенті және Үкіметі аппараты жетекшісінің орынбасары, іс басқарушысының міндетін атқарушы; 1996 жылдың қыркүйек айы мен 1998 жылдың тамыз айының аралығында - ҚР Президенті және Үкіметінің іс басқарушысы, ХОЗУ басшысы болған. 1998 жылдың тамыз айынан бастап -«ХОЗУ» акционерлік қоғамының төрағасы, бас директоры, 2002 жылдың шілде айынан бастап «ХОЗУ» корпорациясы» ЖШС-нің президенті болған.

1999 жылдың маусым айынан бастап - «Қазақмыс» корпорациясы» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, вице-төрағасы, 2006 жылдың ақпан айынан бастап - «Қазақмыс» корпорациясы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, 2004 жылдың желтоқсан айынан бастап - «Kazakhmys Pls» компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі болған.

Kazakhmys Services компаниясының Алматыдағы филиалынан хабарлағандай, алдын ала мәліметтер бойынша марқұмды жерлеу рәсімі жексенбі күні Алматыда өтеді.

Соңғы жаңалықтар