Танымал мүсінші Серікжан Ищанов оқушыларға шеберлік сабағын өткізді

АСТАНА. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін елордадағы ҚР Тұңғыш Президенті мұражайында танымал мүсінші Серікжан Ищанов  ЮНЕСКО клубы көркемсурет мектебінің оқушыларына шеберлік сабағын өткізді.

Танымал мүсінші Серікжан Ищанов  оқушыларға шеберлік сабағын өткізді

18 жыл бойы ағаштан ою ойып, сан түрлі мүсін сомдаған шебердің 80-ге жуық жұмысы бар. Олардың бірқатары осы мұражайға қойылған.  Шебердің «Сәйкестік», «Махаббат», «Сәндік», «Арқар», «Шардың үстіндегі қыз» сияқты ағаштан ойылған туындылары көрермендер тарапынан лайықты бағасын да алды.

Шеберлік сабағын ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайы ұйымдастырды. Ал келесі аптада осында түрлі аң терілеріне сурет салатын қылқалам шебері Гүлдана Жұрқабаеваның шеберлік сабағын өткізу жоспарланып отыр.