Танымал музыкант Жасарал Еңсепов қайтыс болды

АЛМАТЫ. 16 маусым. ҚазАқпарат - Алматыда 59 жасқа қарағаған шағында қазақтың танымал музыканты Жасарал Еңсепов қайтыс болды.

Танымал музыкант Жасарал Еңсепов қайтыс болды

Жасарал Жақсылықұлы Еңсепов - қазақтың танымал музыканты, композитор, домбырашы, күйші, домбыра орындаушылардың арасында танымал болған «ДЭККО» (домбыра, эстрада, күй, компьютер орындаушы) жанрының авторы, Алматы қалалық өнер мектебінің негізін салушы, педагогика ғылымының кандидаты, ҚР халық білімінің үздігі.