Танымал өнер жұлдыздары Ұлттық музейге келушілерге арнайы экскурсия өткізбек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Жұлдызды гид» жобасы ұйымдастырылады, деп хабарлайды мұражайдың баспасөз қызметінен.
None
None

Шара Тұңғыш Президент күнінің қарсаңында 26 қарашада Ұлттық музейде өтеді. Жобаның мақсаты - Ұлттық музейдің қоғамдағы имиджін арттыра отырып, тарихы терең мұраларымызды, құнды жәдігерлерімізді насихаттау болып табылады.

Шарада отандық өнер жұлдыздары Ұлттық музейге келушілерге арнайы экскурсия жүргізеді. Музей қонақтары әншілер мен ақындарды экскурсия жүргізушісі ретінде танып, өздеріне қажетті ақпарат алады.

«Жұлдызды гид» жобасына қатысушылар - Қарақат Әбілдина, Құрмаш Маханов, Қалқаман Сарин, Клара Төленбаева, Маржан Арапбаева, Досымжан Таңатаров пен Гүлнұр Оразымбетова. Әрбір өнер адамына бір залды таныстыру тапсырылады. Шара соңынан жұлдыздардың концертін тамашалауға болады.

Соңғы жаңалықтар