Танымал режиссер С. Спилберг Канн фестивалінің қазылар алқасын басқарады
АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат - Танымал американдық режиссер және продюсер Стивен Спилберг ағымдағы жылдың 15-26 мамыр аралығында өтетін 66-шы Канн кинофестивалінің қазылар алқасын басқарады.
Бұл туралы фестивальдің ұйымдастырушылары хабарлады.
«Мен үшін бұл аса үлкен құрмет, фестивальдің қазылар алқасын басқару үлкен жетістік деп білемін», - дейді американдық режиссер.