Танымал сазгер үлкен сахнамен қош айтысады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Латвиялық композитор Раймонд Паулс сахнадан кету туралы ойлануда, деп жазды Delfi.
Композитор қоштасу сөзін айтуға әлі әзір болмағанымен, енді ұзақмерзімдік жобаларға қатыспайтын білдірді.
"Алдағы жылдары мені не күтіп тұрғанын, денсаулығым қалай болатынын білмеймін. Сахнадан кетемін дегелі бірнеше жыл өтті, алайда сүйікті ісімді тастай алмадым. Енді міне, бұл уақыт келген сияқты", - деді Паулс.
Айта кетейік, кеңес және латвиялық композитор, дирижер, пианист, саясаткер, КСРО Халық әртісі Раймонд Паулс жас орындаушылардың "Юрмала" және "Жаңа толқын" сынды халықаралық байқауларының бастамашысы.