Танымал спортшылар есірткіге қарсы билбордтардың бет-бейнесіне айналды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Аралас жекпе-жек шебері Нұрсұлтан Орынбасаров пен 2016 жылы Алматы аруы атанған Камила Асилова «Біз есірткіге қарсымыз!» шарасына амбассадор ретінде қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Танымал спортшылар есірткіге қарсы билбордтардың бет-бейнесіне айналды

Бүгінде Алматыда есірткіге қарсы әлеуметтік келісімге шақыратын билбордтар көбейіп келеді.

Ақпараттық үгіт-насихат тақтасында белгілі спорт жұлдыздарының суреттері пайда болды.

«Бұл билборд күш пен рухты көрсетеді және сұлулық, денсаулық пен ақылдылықты бейнелейтін топ-модель бейнеленген. Біздің жастар өмірдің маңызды басымдықтарын есте сақтауы керек және біздің міндетіміз осыны еске салу. Біз - Қазақстан халқы есірткіге қарсы бірігуіміз керек», деп түйіндеді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмыстарына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.