Танымал теннисші Новак Джокович ұлды болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сербиялық танымал теннисші Новак Джокович әке болды. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жұбайы Елена оған ұл тауып берді, деп жазады «ТАСС».
«Блиц» басылымының ақпаратына сүйенсек, жаңа туған ана мен баланың денсаулығы өте жақсы. Новак бұған дейін жолдасының аяғы ауыр екенін «Твиттердегі» жеке парақшасында хабарлаған болатын.