Танымал тұлғалар оқушыларға табысқа жету жолдарын айтты

«Жаңа оқу жылын 906 оқушымен бастамақпыз. Оның 176-сы биыл 7 сыныпқа келіп отыр. Біз биыл «Көшбасшылық сабағы» атты жаңа жобаны қолға алдық. Түрлі саладағы танымал адамдарды шақырдық. Олар өз тәбірибесі арқылы балаларды белгілі бір дүниеге үйрете аталатын спорт, бизнес, саясат сынды түрлі саланың адамдары. Бұл жоба «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасымен де байланысты. Аталған тізімге енген бірқатар адамды да шақырып отырмыз», - деді тілшілерге сұхбат берген Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Асен Байтұқов.
Көшбасшылық сабағын өткізгендердің қатарында Астана опера театрының актері Елтай Мұстанов, танымал шахматшы Динара Сәдуақасова, әнші Adam сынды танымал тұлғалар болды. Олар өздерінің жетістікке жету жолдары жайында айтып, оқушылардың қызықтырған сауалдарына тұщымды жауап берді.
Мәселен, танымал шахматшы Динара Сәдуақасова фантастика жанрында кітаптарды оқығанды жақсы көретіндігін айттын.
«Әлі күнге дейін «Властелин колец» пен «Хроники Нарнии» кітабын жақсы көремін. Дегенмен, менің өмірімнің әрбір кезеңі белгілі бір жанрға байланысты. Олар - классикалық және филососфиялық кітаптар. Мәселен, қазір мен екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Үндістанда, Непалда, одан кейін 7 жыл Тибетте өмір сүрген неміс альпинисі туралы «Семь лет в Тибете» атты бигорафиялық кітапты оқудамын. Оған дейін Конфуцийді оқыған едім», - деді шахматшы.