Танымал журналист Геннадий Бендицкий қайтыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі қазақстандық журналист Геннадий Бендицкий қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Танымал журналист Геннадий Бендицкий қайтыс болды

«Гена Бендицкий бақилық болды. Әріптесіміз бүгін таңертең, өзі туған күнінде көз жұмды. Ол 47 жасқа енді ғана толған еді», - деп жазды журналист Вадим Борейко өзінің Фейсбуктегі парақшасында.

Геннадий Бендицкий 1970 жылғы 3 желтоқсанда дүниеге келді. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірді. «Караван», «Время» газеттерінде, «КТК», «31-арна» телеарналарында, соңғы жылдары Ratel.kz порталында еңбек етті.