Танымал журналист, Қазақ телеарнасының бұрынғы директоры Рафаэль Жұмабаев дүниеден озды

АЛМАТЫ. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Елена Ильинская/ - Ақпанның 17-сі күні Астанада танымал журналист, Қазақ телеарнасының бұрынғы директоры Рафаэль Жұмабаев дүниеден озды.

Танымал журналист,   Қазақ  телеарнасының  бұрынғы директоры Рафаэль Жұмабаев  дүниеден озды

Отандық телеарна тарихының көптеген парақтары Р.Жұмабаевтың есімімен тығыз байланысты. Оның тұсында алғаш рет эфирге «Тамаша» бағдарламасы шықты, көрермендерге экраннан «Айтыс» ұсынылды, соғыс туралы деректі фильм түсірілді. Сол кездегі ең үлкен тәжірибелердің бірі -«Алматы-Дели-Токио» телекөпірі де осы кісінің тұсында жарық көрді.

Рафаэль Жұмабаевтың есімі сонау 70-ші жылдардан бері халыққа таныс. Оның оқиға орындарынан берген репортаждары көпшіліктің құлағында болды. Тыңдаушылар Р.Жұмабаевпен бірге АҚШ командасымен болған жолдастық кездесуде КСРО құрамасына жанкүйер болды, Жамбыл Жабаевтың мерейтойына дайындықтың барысын қадағалады, тіпті Іле Алатауының шыңдарына да көтерілді.

Рафаэль Жумабаев аман болғанда, бірер айдан кейін 70 жылдығын атап өтер еді.