Танысын балғамен ұрып өлтірген қостанайлық сотта жауап береді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай тұрғыны әйеліне көз тіккен ер адамды балғамен ұрып өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Танысын балғамен ұрып өлтірген қостанайлық сотта жауап береді

Іс деректерінде көрсетілгендей, ер адам Қостанайдағы үйінде достарымен бірге ішімдік ішкен. Сәлден соң, араққа қызып қалған достарының бірі үй иесінің әйеліне көз тігеді. Ол дәлізде тұрған балғаны алып, ұйықтап жатқан баспана қожайынының басына соққы жасайды. Соққыдан ес жиған ол танысына бірнеше соққымен жауап қайтарған. Қолынан балғаны жұлып алып, онымен төбе тұсы мен желкесінен 5 рет ұрған.

Танысы оқиға орнында көз жұмды. Енді үй иесі ҚР ҚК 99-бабы («Кісі өлімі») бойынша сот алдында жауап береді.