Танысын бір оқпен жайратып салған жасөспірім ұсталды – Алматы ІІД

АЛМАТЫ. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Танысын бір оқпен жайратып салған жасөспірім ұсталды. Бұл ауыр қылмыс қыркүйектің 12-сі күні Алматының Түркісіб ауданында орын алған. Басына тиген оқтан 21 жастағы жергілікті тұрғын көз жұмды, деп хабарлады қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.
None
None

«Куәгерлерлер берген түсінік бойынша екі жас жігіт арасында жанжал орын алғандығы анықталды. Олар футбол стадионы алаңында сөзге келісе алмай, байланысып тұрған. Бір уақытта оның бірі тапаншасын алып шығып қарсыласын басынан атып тастаған. Бірден ұйымдастырылған жедел-тергеу жұмыстары оқ атқан адамды анықтауға септігін тигізді. Ол еш жерде жұмыс істемейтін 23 жастағы алматылық болып шықты», -дейді Алматы ІІД, криминалды полиция басқармасының тұлғаға қарсы қылмысты ашу бөлімінің бастығы Сабыржан Жұрабеков.

Іздестіру жұмыстары барысында тергеушілер қылмыскерді Қарағандыда таныстарының үйінде жасырынып жатқан жерінен ұстаған. Қазіргі таңда ол болған қылмыстық оқиғаға байланысты түсінік беруде. Оның айтуынша, жәбірленушімен ол бұрыннан таныс болған және мұндай жағдайға ертеден келе жатқан араздастықтары итермелеген.

Соңғы жаңалықтар