10:46, 12 Тамыз 2021 | GMT +5
Танысының телефонын сұрап алып, басқаға сатып жіберген елордалық ұсталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының криминалдық полиция қызметкерлері танысының ұялы телефонын бөгде адамдарға сатып жіберген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, 28 жастағы күдікті бұрын оқиға болған Желтоқсан көшесінде вахтер болып жұмыс істеген.
«Тексеру барысында вахтер болып жұмыс істейтейтін жігіт оқиға орнына келіп, таныс қызметкерден қоңырау шалу үшін ұялы телефонын бере тұруды сұрайды. Танысының бейқамдығын пайдаланып, қуаттауға қойылған телефонды жұлып қашқан», - деп жазады департаменттің баспасөз қызметі.
Күдікті оңай келген «олжаны» көшедегі адамдардың біріне сатып жіберген. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.