Танзания паромындағы апат: құрбандар саны 240 адамға жетті

АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Танзанияның шығыс жағалауында болған жолаушылар паромының суға батуы салдарынан құтқару жұмыстары барысында 240 адамның денесі су бетіне шығарылды.

Танзания паромындағы апат: құрбандар саны 240 адамға жетті

MV Spice Island паромы Занзибар аралынан Танзанияға бет алған болатын. Кемеде қанша жолаушы болғаны белгісіз. Куәгерлердің айтуынша, кеме бірнеше жүз адамның артық тиелуі салдарынан суға батып кеткен. Бұған дейін 600-ге тарта жолаушы құтқарылғаны хабарланды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, алдымен кемедегі электр жарығы өшіп қалған. Құтқару жұмыстарын жүргізуге судың тереңдігі және ағыстың күштілігі қиындық келтіруде. Оларға Оңтүстік Африка Респуликасының сүңгуір-құтқарушылары көмекке келді. Танзаниядан 2005 жылы бөлініп шыққан Занзибар өкіметі апат құрбандарына байланысты үш күндік аза тұту жариялады.