Танзанияда 43 адам отырған жолаушылар ұшағы көлге құлады

ДАР-ЭС-САЛАМ. Синьхуа-ҚазАқпарат – Танзанияда жолаушылар ұшағы көлге құлады, оның бортында 43 адам болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.

Танзанияда 43 адам отырған жолаушылар ұшағы көлге құлады

Жергілікті полиция таратқан мәліметке сәйкес, Танзанияның солтүстік-батысындағы Букоба қаласының әуежайына қонуға бағыт алған ұшақ Виктория көліне құлаған. Апатқа ауа райының қолайсыздығы себеп болған деп хабарланды.

Жолаушылар ұшағы Дар-эс-Салам қаласынан ұшып келе жатқан. Жергілікті билік өкілдері мәлім еткендей, бортта болған 43 адамның 26-сы құтқарылған. Іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталған жоқ.

Сондай-ақ, Кагера аймағының бас дәрігері Исесанда Каникидің айтуынша, апаттан 3 адам қайтыс болған.

Айта кетсек, Италияның оңтүстігінде туристер мінген тікұшақ апатқа ұшырап, 7 адам көз жұмған еді. Оның екеуі – ұшқыш, біреуі – жедел жәрдем дәрігері және қалған төртеуі – словениялық саяхатшы.