Танзанияда автобус апатынан 33 адам мерт болды
АСТАНА. Шілденің 27-сі. ҚазАқпарат - Танзанияның солтүстік-шығысында жолаушылар автобусы жүк көлігіне соқтығысқан,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Апат салдарында кемінде 33 адам мерт болды. Жол-көлік оқиғасында 13 адам түрлі жарақат алды. Жергілікті өкімет орындарының деректері бойынша, жол-көлік оқиғасына автобус дөңгелектерінің бірінің жарылуы себеп болған.