Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Танзанияда автобус пен пойыз соқтығысып, 13 адам көз жұмды

Сәрсенбі күні таңертең Танзанияның орталық бөлігіндегі Сингида облысында автобустың локомотивке соғылуы салдарынан кем дегенде 13 адам қаза тапты, тағы 25-і зардап шекті. Kazinform бұл туралы Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

танзания
Фото: theeastafrican.co.ke

«Қаза тапқандар саны артуы мүмкін, себебі зардап шеккен 25 адамның көбінің жағдайы өте ауыр», - деп мәлімдеді аймақтың полиция басшысы Стелла Мутахибирва.

Дар-эс-Саламнан Мванзаға жол жүріп келе жатқан автобустың ішінде 57 жолаушы болған.

Автобус пен локомотив теміржол өткелінде жергілікті уақыт бойынша сағат 05:00-де соқтығысты.