Танзанияда лай көшкіні салдарынан 20-ға жуық адам қаза тапты
АСТАНА. Қарашаның 12-сі. ҚазАқпарат - Африканың шығыс жағалауында орналасқан Танзанияда елдің солтүстік бөлігінде болған нөсер жауынның салдарынан лай көшкіні болып,
ең кем дегенде 20 адам қаза тапты.
ВВС телекомпаниясының хабарлауынша, Килиманджаро ауданындағы Гоха деревнясын лай көшкіні басып қалып отыр. Ондаған адам із-түзсіз жоғалғандар санатында. Оларды іздеу операциялары жалғасуда.